Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салу туралы» бұйрық жобасын дайындады.

Алма әкелуге тыйымды 2026 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін көліктің барлық түрімен енгізу жоспарлануда. Импорт үшінші елдерден жеткізушілер үшін де, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен жеткізушілер үшін де тоқтатылады.

Тыйым Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 5 маусымдағы отырысында қабылданған шешімі негізінде енгізіледі.

Шектеулер алманы транзиттік тасымалдауға қолданылмайды.Ауыл шаруашылығы министрлігінде мәлімдегендей, енгізілетін тыйым «отандық өндірушілерді қолдауға және өнімді тұрақты өткізуді қамтамасыз етуге ықпал етеді».