Қазақстанда егін жинау науқаны басталды
Егін жинауға Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысының және Шымкент қаласының аграрийлері кірісті.
Алдын ала қорытындылар бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда егін жинау жұмыстарының жоғары қарқынын және өнімділіктің айтарлықтай өсуін көрсетіп отыр.
Бүгінгі күнге дейін 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік 20,6 ц/га, бұл өткен жылдың осы күнгі көрсеткішінен (12,2 ц/га) шамамен 1,7 есе жоғары.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша да оң серпін байқалады. Мәселен, бидайдың жалпы түсімі орташа өнімділігі 19,1 ц/га болғанда 461,2 мың тоннаға жетті. Салыстыру үшін, өткен жылдың осы күнінде өнімділік 13,7 ц/га болған.
Арпа жинау да жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінгі күнге дейін 157,8 мың тонна дақыл жиналды. Орташа өнімділік 17,0 ц/га, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (8,7 ц/га) шамамен екі есе жоғары.
Егін жинау науқанын жүргізу үшін аграрийлер қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, шамамен 5,6 мың өнімділігі жоғары себу кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдейтін құрал бар.
Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін мемлекет шамамен 401 мың тонна жеңілдікті дизель отынын бөлуді көздеген.


