Ультрамаг Кальций Ultramag Calciy
Сипаттама:
Ультрамаг Кальций тыңайтқышының құрамы: жалпы азот (N) 10%, 150 г/л. Кальций (CaO) 17%, 255 г/л. Магний (MgO) 0,8%, 12 г/л. Мырыш (Zn) 0,02%, 0,3 г/л. Мыс (Cu) 0,02%, 0,3 г/л. Бор (В) 0,05%, 0,75 г/л. Молибден (Мо) 0,001%, 0,015 г/л.
Ауыл шаруашылығы, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын тамырдан тыс қоректендіруге арналған, өсімдік оңай сіңіретін түрдегі кальцийі жоғары, концентрлі, хлорсыз сұйық тыңайтқыш.
Дақылдар: жеміс-жидек, сүйекті жемісті дақылдар, жүзім, көкөніс, бақша дақылдары, картоп, бүлдірген, гүлді-сәндік және т.б.
Артықшылықтары:
- өсімдік оңай сіңіретін кальцийдің пайызы жоғары
- қосымша бірқатар маңызды микроэлементтер (Mg, Zn, Cu, B, Mo) бар
- құрамындағы азот кальцийдің оңай сіңуіне ықпал етеді
- тамыр жүйесінің өсуі мен дамуын ынталандырады
- жасуша қабырғаларын нығайтады
- кальций тапшылығына байланысты бірқатар физиологиялық аурулардың алдын алады
- өсімдік жабындарының, жеміс қабығының және т.б. механикалық беріктігін арттырады
- жиналған өнімнің жақсы сақталуына ықпал етеді
Ультрамаг Кальций тыңайтқышының құрамы:
- Жалпы азот (N) 10%, 150 г/л
- Кальций (CaO) 17%, 255 г/л
- Магний (MgO) 0,8%, 12 г/л
- Мырыш (Zn) 0,02%, 0,3 г/л
- Мыс (Cu) 0,02% 0,3 г/л
- Бор (В) 0,05%, 0,75 г/л
- Молибден (Мо) 0,001%, 0,015 г/л
Қолдану регламенті
Суда еритін үлдірге оралған препараттармен бак қоспасында бірге қолдануға болмайды: Метамил МЦ, СДТ (640 г/кг манкоцеб + 80 г/кг металаксил), Зингер, СҰ (600 г/кг метсульфурон-метил), Кондор, СДТ (500 г/кг трифлусульфурон-метил) - полимер үлдірдің бор қосылыстарымен қайтымсыз химиялық әрекеттесуіне байланысты.
Құрамында бор бар препараттарды Ультрамаг Супер Сера-900 арнайы тыңайтқышымен бак қоспасында қолдану ерекшеліктері
- Сұйылтылмаған препараттарды тікелей араластыруға болмайды. Ыдыс қабырғаларында құрамында бор бар препараттардың қалдығы болса және оған сұйылтылмаған Ультрамаг Супер Сера-900 агрохимикаты қосылса, Ультрамаг Супер Сера-900 препараты қайтымсыз ұйып қалады.
- Агрохимикаттардың бак қоспасын регламент бойынша, көрсетілген препараттарды суға кезекпен қосып, препаратты бүріккіш багына беру жүйесін аралықта сумен шайып дайындағанда жұмыс ерітіндісінің тұрақтылығында проблема туындамайды.
- Сондай-ақ бірінші препаратты суда кемінде 50% етіп алдын ала сұйылтқаннан кейін үнемі араластыра отырып, екінші препаратты сұйылтпай қосуға болады, қолдану кезінде жұмыс ерітіндісін араластыру да міндетті.
Бөлімге өту: Сұйық тыңайтқыштар және PH түзеткіштері
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.