Қыстырғыштары бар көлеңкелейтін тор 55% 4х6 м (қапталған) Аптап күн мен ультракүлгін сәулелерден қорғау
Сипаттама:
Өлшеп оралған көлеңкелегіш тор 55% (55 г/м2)
55% көлеңкелегіш тор - бастапқы шикізаттан (HDPE) жарықты тұрақтандыратын қоспа қосылып жасалған, қою жасыл түсті тығыз әрі берік қорғаныш материал. Тор аптап күн сәулесіне жасанды тосқауыл болып, ыстық күндері егініңізді сақтайды. Ол температураны тиімді реттейді, өсімдіктерді күйдіретін күннен қорғап, ультракүлгін сәулені қажетті мөлшерде өткізетін мінсіз микроклимат жасайды.
Күн сәулесін біркелкі бөлетіндіктен, тор жарықты шашыратып, жапырақтың көбірек бөлігіне түсіреді. Бұл өсудің негізгі процестерін жандандырады, ультракүлгін сәуленің көптігінен жапырақтың солуына және жемістің бүлінуіне жол бермейді, топырақтан ылғалдың булануын азайтады, өсімдікке қауіпті бактериялар мен зеңнің өршуін тежейді. Тор арқасында өнімді әлдеқайда ерте әрі мол жинауға болады.
Материалдың қолданылу салалары:
Тор ең алдымен ауыл шаруашылығына арналғанымен, оның қолданылу аясы әлдеқайда кең:
- Өсімдік шаруашылығы мен бағбандықта: жылыжайға шатыр жасау, қызанақ, бұрыш пен баклажанды көлеңкелеп, күн сәулесінен қорғау, сондай-ақ өсімдікті бұршақтан сенімді қорғау үшін.
- Жеке үй мен демалыс үшін: беседкалар мен балкондарды тартып жабу, балалар алаңында, жеке үйлердегі шай ішетін верандада күннен қорғайтын шатыр мен тент жасау, табиғат аясында демалғанда шымылдық ретінде пайдалану.
- Бизнес пен көлік үшін: кафе мен мейрамханалардың жазғы алаңдарын жабдықтау, ашық тұрақтағы көліктерді қызып кетуден қорғау үшін үстіне шымылдық етіп тарту.
- Қоршау үшін: аумақтың периметрі бойына дуалдың орнына тор тарту, сондай-ақ құрылыс учаскелерін уақытша қоршау.
Негізгі артықшылықтары:
- Ұзаққа шыдайды: сапалы полиэтилен мен УК тұрақтандыру арқасында 3-5 жыл бойы қызмет етеді.
- Тиімді микроклимат: жұмсақ, шашыраңқы жасыл жарық беріп, бақша дақылдарының көпшілігінің жеміс беруін жақсартады.
- Пайдалану ыңғайлы: үлдірге оралған практикалық әрі ықшам орам түрінде жеткізіледі.
Техникалық сипаттамалары:
| Мақсаты | Саяжай мен шатырларға арналған көлеңкелегіш, бақ, қорғаныш торы |
| Материалы | HDPE (бастапқы шикізаттан жасалған тығыздығы жоғары полиэтилен) |
| Көлеңкелеу пайызы | 55 % |
| Тығыздығы | 55 г/м2 |
| Түсі | Қою жасыл |
| Орам ені | 2-12 м |
| Орамдағы ұзындығы | 50 м |
| Тор көзінің өлшемі | 1 x 10 мм |
| УК тұрақтандыру (UV) | Бар (жарықты тұрақтандыратын қоспа) |
| Қызмет мерзімі | 3-5 жыл |
| Тауардың қаптама түрі | Үлдірге оралған орама |
Өлшеп оралған көлеңкелегіш тор 55% Қазақстанда сатып алу
Бөлімге өту: Қапталған көлеңкелейтін тор
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.