Микротыңайтқыш Бороплюс 10 л Boroplus
Сипаттама:
Бор - тозаңдану мен ұрықтану процестеріне, көмірсу және ақуыз алмасуына қатысып, оларды реттейтін аса маңызды микроэлемент. Көптеген өсімдіктер Бор тапшылығына өте сезімтал - бұлар индикатор өсімдіктер: қант, мал азықтық және асханалық қызылша, күнбағыс, жоңышқа, беде, люпин, түйежоңышқа (ақ), чина, турнепс, сурепица, рапс, түрлі түсті және қауданды қырыққабат, шпинат, темекі, мақта, дәнекті, сүйекті жемістілер және жүзім.
Бордың қозғалғыштығы мен сіңуін төмендететін факторларға мыналар жатады: құрғақшылық, шамадан тыс ылғалдану, қарқынды жарық, азот және калий тыңайтқыштарының көптігі, әктеу.
Сұйық түрінің арқасында құрамында органикалық түрдегі Бор (этиламин гидробораты) бар Бороплюс қоректік кешені өсімдіктерді жапырақ арқылы қоректендіруде де, тамшылатып суару жүйелерінде пайдаланғанда да жоғары тиімді. Бордың бейорганикалық қосылыстарынан айырмашылығы, Бороплюс жұмсақ әсер етеді және фитоуыттылық қаупі төмен.
Бороплюс қолдану мыналарға мүмкіндік береді:
- қант, мал азықтық және асханалық қызылшаның өзек шірігінің алдын алу және емдеу;
- гүлдеуді және жемістердің толысуын жақсарту, күнбағыс, беде және жоңышқаның өнімділігін арттыру;
- Борға деген қажеттілікті қанағаттандыру және қырыққабат, алма мен алмұрт, сүйекті жемістілер, темекі, мақта және басқа а/ш дақылдарының өнімділігін арттыру;
- жемістердің қалыптасуын жақсарту және жүзім жидектерінің ауруларының (ұсақтануының) алдын алу;
Құрамы
1 кг өнімдегі бор (B) w/w - 11.0%; 1 литр өнімдегі бор (В) w/v - 15%
Физикалық қасиеттері
| Сыртқы түрі | Сұйықтық |
| Түсі | Түссіз, сарғыш |
| Тығыздығы (г/см³) | 1,37 |
| pH (1% сулы ерітінді) | 7,7 |
| Электр өткізгіштігі 1‰ (mS/cm) 18°С | 0,19 |
| Кристалдану нүктесі | - 1°С |
Фертигация
Жеміс-жидек дақылдары, сәндік ағаштар мен бұталар - 4-6 л/га, вегетацияның басында;
Техникалық, көкөніс, бақша дақылдары, асханалық тамыржемістілер - 3-5 л/га, себу алдында немесе өскін шыққанға дейін;
Гүлді-сәндік дақылдар - 3-5 л/га, отырғызу алдында немесе қарқынды гүлдеу кезеңінде.
Жапырақ арқылы қоректендіруге арналған қолдану нұсқаулығы
| Жүзім, сүйекті жемістер, цитрустар | 0,5-1,1 л/га, 3 рет қоректендіру: гүлдеуге дейін, гүлдегеннен кейін және түйін түзілгеннен кейін |
| Алмұрт, алма ағаштары | 0,4-0,6 л/га, 3 рет қоректендіру: гүлдеуге дейін, гүлдегеннен кейін және түйін түзілгеннен кейін |
| Көкөніс, бақша дақылдары және бүлдірген | 0,3-0,8 л/га, гүлдеуге дейін және 10-15 күн аралықпен 1-2 рет |
| Сәбіз, редис, балдыркөк, түсті қырыққабат | 0,4-0,9 л/га, 4-6 жапырақ кезінде және 20-25 күннен соң |
| Қант, мал азықтық, асханалық қызылша | 0,8-1,0 л/га 4-6 жұп жапырақ кезінде, содан кейін 20-25 күннен соң және жинаудан 15-20 күн бұрын |
| Күнбағыс, рапс, жүгері, құмай, мақта, зығыр, күріш, дәнді дақылдар | 0,8-1,0 л/га гүлдеуге дейін қоректендіру |
| Гүл дақылдары | 0,2-0,7 л/га, бүршіктену фазасы |
Назар аударыңыз! Өңдеуді ӨҚҚ және Мастер немесе Плантафол сериясындағы жалпы түзету қоректендіруге арналған кешенді тыңайтқышпен қатар жүргізуге болады.
Бороплюс препаратын ақ майлармен, белсендірілген майлармен және сілтілік реакциясы бар басқа компоненттермен араластыру ұсынылмайды.
Бөлімге өту: Сұйық тыңайтқыштар және PH түзеткіштері
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.