Инсектицид Фаскорд, КЭ ә.е.з. альфа-циперметрин 100 г/л, жанасу-ішек инсектициді
Сипаттама:
Инсектицид Фаскорд, КЭ
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған, әсер ету ауқымы кең жанасу-ішек инсектициді.
Альфа-циперметрин 100 г/л. Концентрат эмульсии.
Артықшылықтары:
- Әсер етуші заттағы белсенді изомерлердің мөлшері жоғары болғандықтан уытты әсер ету жылдамдығы жоғары
- Зиянкестердің кең ауқымын тиімді бақылау
- Нәтижесі жылдам және қорғаныс кезеңі ұзақ
- Ең үнемді инсектицидтердің бірі
Препараттың әсері
Әсер ету механизмі
Альфа-циперметрин жәндіктердің орталық жүйке жүйесін зақымдап, жасуша мембраналарының өткізгіштігін бұзады, натрий арналарын бөгейді. Улану қозғалыс орталықтарының зақымдануынан, қатты қозудан көрінеді. Альфа-циперметриннің ұзақ қалдық әсері бар.
Қорғаныс әсерінің мерзімі
Зиянды жәндіктің түріне және ауа райына байланысты 2-4 апта.
Әсер ету жылдамдығы
Уытты әсері өте жылдам.
Әсер ету ауқымы
Бүргелер, сабақ ішіндегі шыбындар, асбұршақ дәнжегісі, асбұршақ жемісжегісі, асбұршақ бітесі, бізтұмсықтар, зиянды бақашық қандала, қандалалар, колорадо қоңызы, айқышгүлділер бүргелері, жүгері сабақ көбелегі, шалғын көбелегі, көпқоректі көбелектер, пьявица, рапс гүлжегісі, шегірткелер, қызылша жапырақ бітесі, қызылша үңгіш шыбыны, бітелер, трипстер, мақта көбелегі, цикадкалар және т.б.
Басқа пестицидтермен үйлесімділігі
Инсектицидтер мен фунгицидтердің көпшілігімен үйлеседі. Кең көлемде қолданар алдында нақты препаратпен ұсынылған мөлшерде химиялық және биологиялық үйлесімділігін тексеру қажет.
Төзімділік
Төзімділік пайда болмауы үшін препаратты басқа химиялық топтағы, әсер ету механизмі басқа инсектицидтермен алмастырып отыру ұсынылады.
Қолдану регламенті
| Дақыл | Зиянды нысан | Мөлшері, л/га | Ерітінді шығыны л/га | Өңдеу тәсілі мен уақыты | Күту мерзімі (өңдеу саны) |
|---|---|---|---|---|---|
| Бидай | Астық шыбындары | 0,1-0,15 | 100-200 | Өскінді бүрку | 20(2) |
| Зиянды бақашық қандала | 0,15 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | 20(2) | |
| Бүргелер, бітелер, цикадкалар, трипстер, пьявицалар | 0,1 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | 20(2) | |
| Арпа | Пьявица | 0,1 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | 20(2) |
| Рапс, қыша | Рапс гүлжегісі | 0,1-0,15 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | 20(2) |
| Айқаскүлтелілер бүргесі | 0,15 | 100-200 | Өскінді бүрку | 20(2) | |
| Картоп | Колорадо қоңызы | 0,07-0,1 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | 20(2) |
| Қант қызылшасы | Жапырақ бітесі, бүргелер, бізтұмсықтар | 0,15 | 200-400 | Вегетация кезеңінде бүрку | -(2) |
Фаскорд, КЭ инсектицидін Қазақстанда сатып алу
Бөлімге өту: Инсектицидтер
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.