Пияз Пандеро F1 Pandero F1
Сипаттама:
Пияз Пандеро F1 - сақтауға салу үшін арнайы шығарылған испан типті будан, пиязшықтың дәмін жоғалтпай 8-10 айға дейін ұзақ сақталады. Өскін шыққаннан кейін вегетация кезеңі өсіру өңірінің климат жағдайларына қарай орта есеппен 115-125 күн. Пиязшықтары дұрыс дөңгелек пішінді, калибрі біркелкі, ұсынылған себу мөлшері сақталса, әдетте 5+ см және одан да үлкен, бұл өнімді арнайы механикалық құралдармен жинауға мүмкіндік береді. Пиязшығы терең, қою қоңыр түсті, жылтыр реңкті, жабын қабыршағы өте тығыз, мойны жіңішке, ол жемістің ішіне артық ылғал түсуінен қорғайды. Пиязшықтағы құрғақ заттардың мөлшері көп болғандықтан, жинау мен кептіру ережелерін тиісінше сақтағанда Пандеро F1 8 айдан астам сақталады. Озық фермер шаруашылықтары механикалық жинауға жарамды өнімнің біркелкілігін (калибрлеуін) және тығыздығын лайықты бағалады, бұл әсіресе егіс алқабы үлкен фермерлер үшін өзекті. Тығыз жабын қабыршағы көп рет сұрыптау кезінде (желдету, қайта ыдысқа салу) жемісті сенімді қорғайды. Pandero F1 пероноспорозға, фузариозға және тамырдың қызғылт шірігіне барынша төзімді. Ұсынылатын себу мөлшері гектарына 1’100 000 тұқым. Өсіру агротехникасы сақталса, тамшылатып суаруда Пандероның өнімділігі гектарынан 100 тонна тауарлық өнімнен асады. Сондай-ақ солтүстік аудандарда өсіргенде ерте себу мерзімдерін сақтап, отырғызуды жиілетпеген жөн.
Бөлімге өту: Пияз тұқымдары
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.