Қияр Мустанг F1 Mustang F1
Сипаттама:
Қияр Мустанг F1 - ерте пісетін партенокарпты будан, өскін шыққаннан жеміс бере бастағанға дейінгі кезең 38-42 күн. Өнімділігі жоғары, 14-15 кг/ м2. Өсімдіктерінің гүлдеуі тек аналық типті, әр буында 3-4 данадан шоқтанып түйін түзеді. Қияр жемістері цилиндр пішінді, салмағы 100-110 грамм, асып өспейді. Қияр жемісінің ұзындығы 12 сантиметрге дейін жетеді, жуандығы 3-3,3 сантиметр. Қияр жемістері таңғаларлық жылтыр қою жасыл түсті. Дәмі тамаша, қиярлары шырынды, ащы емес. Жаңа піскен күйінде жеуге ұсынылады, тұздауға және маринадтауға тамаша жарайды, жұмсармайды және қуыс түзбейді. Будан жеміс беру кезеңінің ұзақтығымен, өнімді біркелкі беруімен ерекшеленеді, ақ ұнтаққа төзімді. Мустанг F1 қияр тұқымдарын Қазақстанда бізден сатып ала аласыз.
Бөлімге өту: Қияр тұқымдары
Сондай-ақ сатып алуды ұсынамыз
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Біз аграрийлерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етеміз - кәсіби тұқымдардан, тыңайтқыштардан және өсімдік қорғау құралдарынан бастап тамшылатып суаруға, жылыжай құрал-жабдықтарына және агротекстильге дейін. Табысты маусымға керектің бәрі - бір жерде.
Иә, «Зелёный Дом» өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне, соның ішінде ең шалғай елді мекендерге де жеткізеді. Жылдам әрі сенімді жұмыс істейміз.
Біз тек жетекші өндірушілердің тексерілген кәсіби өнімін ұсынамыз. Тұқымдардың өнгіштігі жоғары, ауруларға төзімді және өнімділігі тұрақты. Тыңайтқыштар - теңгерімді әрі тиімді.
Иә, біздің мамандар сіздің жағдайыңызға - өңірге, топырақ түріне, егіс алқабына және дақылдарға қарай оңтайлы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және ӨҚҚ-ны ұсынады. Біз жай сатып қана қоймаймыз - өнім алуға көмектесеміз.
Әрине. Тұқым таңдау, өсіру технологиясы, өсімдіктерді қорғау және суару жүйесі бойынша тегін кеңес береміз. Жай ғана жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз - әрқашан байланыстамыз.